Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Вьетнам ғылыми-сараптамалық құрылымдар арасында ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Жуырда ҚР Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмаханов Вьетнам Әлеуметтік ғылым академиясының Вице-президенті Нгуен Куанг Тхуан бастаған осы ұйымның басшылығымен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде24 Желтоксан , 16:18

Осы мәнмәтінде кездесудің лейтмотиві Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының басты ережелерін хабарлау және өзекті қағидаларын талқылау болды. Атап айтқанда Елші Б.Жұмаханов аталған құжат дүниежүзілік экономика мен саясаттың тұрақсыздығы кезеңіндегі «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді Стратегиясының басым мақсаттары уақытылы іске асыру үшін негіз болып келетін Қазақстанның тұрақты дамуының ойластырылған стратегиясы болып табылатынын ерекше атап өтті.

Қазақстандық дипломат аталмыш Жолдау елдегі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен бизнесті қолдау бойынша тиімді шараларды көздейтінін, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымның, белсенді дамуына қолғабыс ететінін қосымша атап кетті.

Академияның вице-президенті Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын оң бағалап, ҚР Президенті Жолдауының басты ережелеріне жоғары баға берді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Нгуен Куанг Тхуан біздің мемлекеттер арасында орныққан әдетті-достық қатынастарды атап өтіп, қазақстандық ғылыми-сараптамалық құрылымдармен тікелей байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.

Кездесудің қорытындысында тараптар осындай кездесулерді жүйелі негізінде өткізіп тұру маңыздылығын ерекше атап өтіп, ынтымақтасты жөніндегі Меморандумға қол қоюға және ғылыми қайраткерлерді елдеріміз арасындағы екі жақты қатынастарды одан әрі жандандыру мәселесіне тарту үшін жақын келешекте бірлескен семинарды өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

 




Яндекс.Метрика