Адами капитал

Г.Шойкин: Діни сауаттылық деңгейін арттыру аясындағы түсіндіру жұмыстарымен 1,5 млн қазақстандық қамтылды

Діни сауаттылық деңгейін арттыру аясындағы түсіндіру жұмыстарымен 1,5 млн қазақстандық қамтылған, деді ОКҚ брифингінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы Ғалым Шойкин.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 13:00

«Осы жылы ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысымен 1,5 млн адам қамтылды, оның 700 мыңы – 14-29 жас аралығындағы жас мамандар ол елдің барлық жастарының 20 пайызын құрайды», - деді Г.Шойкин.

Түсіндіру жұмыстары аясында 17 мың шара өткізілді, бірінші кезекте өткізілген шаралар өңірлік деңгейде ұйымдастырылады.Комитет осы жылы мемлекеттік саясатты түсіндіру аясында 11 мың ақпараттық материал жариялады.

«Біз азаматтық қоғам институтының назарын аудару үшін жұмыстар  жүргізілді, әсіресе дәстүрлі дін ұйымдары тұрғысындағы МЕҰ, БАҚ ұйымдарымен жұмыс жүргізілуде. МЭҰ-мен кеңес жүргізу бойынша институт құрылып БАҚ-та дін мәселелеріне байланысты материалдар жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика