Парламент

Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген түзетулерді қабылдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын екінші оқылымда мақұлданды.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 12:48

Мәжіліс комитетінің мәліметінше, заң жобасын дайындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қолданыстағы кодекске түзетулер енгізілген 2014 жылғы қабылданған заң ережелеріне жаңа Кодекс ережелерін сәйкестендіру қажеттілігінен туындайды.

«Сонымен қатар, жаңа Кодексті қолданыстағы Кодекске түзетулер енгізетін Қазақстан Республикасы Парламенті қарауында жатқан заң жобаларының ережелерін сәйкестендіру керектігі айтылды. Осы орайда қолданыстағы Кодекске енгізілген және енгізілетін түзетулердің қызметін қамтамасыз ету мақсатында заң жобасы оларды жаңа Кодекске ауыстыру қарастырылған», - делінген хабарламада.

Заң жобасы жаңа Кодекстің 90 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика