Халықаралық интеграция

Кувейт Мемлекеті Қазақстанмен екіжақты және халықаралық мәселелерді кең ауқымда дамытуға әзір

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Абдраманов Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа Сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады СІМ.
Әлемде24 Желтоксан , 15:19

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін болған сұхбат барысында А.Абдраманов Кувейт Әміріне Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ең ізгі тілектерін жеткізді. Ол Қазақстанның Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігінің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты қатынастарды дамытып, Қазақстан мен Кувейт қатынастарының сапалы жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазақстан мен Кувейт арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.

Министрлікте хабарлағандай, сұхбат барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Кувейт Мемлекетіне ресми сапарын өткізу талқыланды.

Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабах Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Кувейттің Қазақстанмен екіжақты және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша қатынастарды одан әрі дамытуға әзірлігін растады. Шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабах Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа өзінің ізгі тілектерін жолдап, Елші А. Абдрамановтың жұмысына табыс тіледі.

 




Яндекс.Метрика