Парламент

Депутаттар 18 жасқа дейінгі тұлғаларды жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімін алып тастау туралы Еңбек кодексіне енген түзетулерді мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісі жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 12:05

Заң жобасы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында дайындалды.

Жастардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету жөніндегі әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне он сегіз жасқа толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімін алып тастау; жұмысқа алғаш орналасқан жас маманмен еңбек келісімшартын құру мерзімін анықтау бойынша өзгерістер енгізу қарастырылады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика