Парламент

Қазақстан Парламенті «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасын мақұлдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары жалпы отырыстың екінші оқылымында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 11:58

Әлеуметтік және мәдени даму бойынша комитеттің қорытындысына сәйкес, заң жобасының негізгі мақсаты  тиімді мемлекеттік жастар саясаты үлгісін жасақтау үшін заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Ал негізгі міндеті - мемлекеттік жастар саясаты субъектілерінің жұмыс істеуі үшін құқықтық кеңістік құру, жастармен тиімді жұмыс істеу мехенизмін жасақтау және жастардың құқығын кеңейту болып табылады.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында 250-ден астам түзетулер енгізіліп, заң жобасының атауы да өзгертілді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика