«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҚР Президентінің басшылығымен қазіргі заманғы мемлекет құра алдық – Ертаев

Тараз, Шымкент гарнизондарының жеке құрамы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаевпен кездесті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан24 Желтоксан , 14:48

Халық қаһарманы генерал-лейтенант Б. Ертаев әскери қызметтің бел ортасында шыңдалған тұлға. Лауазымын взвод командирінен бастаған ол Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығына дейінгі сатыларды жүріп өтті.

Аудитория мен депутат арасындағы түсіністік кездесудің алғашқы сәтінен-ақ орнады десе болады. Әскери қызметшілерді мемлекеттік қорғаныс саясаты, әлемдегі және өңірдегі қауіпсіздіктің жаңа қатерлеріне қарсы тұру мәселелері қызықтырды.

Қарулы Күштерді дамыту, жауынгерлік даярлыққа жаңа әдістерді қолдану, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін нығайту мәселелері де назардан тыс қалмады.

 «Тарихи өлшеммен алғанда қысқа ғана уақыт ішінде Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен қазіргі заманғы мемлекет құра алдық. Экономикамыз дамып, тұрғындардың жағдайы жақсарып келеді. Біз бүкіл әлемге ғаламдық экономикалық дағдарыстың жағымсыз көріністеріне сәтті қарсы тұра алатын бірліктің үлгісін көрсетіп отырмыз», - деді Б.Ертаев.

Атырау гарнизонында болған Мәжіліс депутаты Асхат Бекенов әскери қызметшілерге Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» Жолдауында ұсынған дағдарысқа қарсы жаңа жоспарлар мен саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларды одан әрі дамыту шаралары туралы айтып берді.

А. Бекенов Жолдауда көрсетілген Елбасының еліміздің жоғары өкімет органдарының қызметін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету бастамасы туралы хабардар етіп, кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

 




Яндекс.Метрика