Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО-да Аягөз өзені арқылы өтетін 100 млн теңгенің жаңа көпірі пайдалануға берілді (Фото)

Аягөз ауданында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» кесенесіне барар жолдағы Аягөз өзені арқылы жаңа көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 24 Желтоксан, 19:47

«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру және туризмді дамыту мақсатында салынған бұл көпір – ұлт тарихының ұлағатына, мәдениетіміздің мұрағатына айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мұнарасын өскелең ұрпақпен жалғайтын алтын көпір.

Қазақтың бренді, махаббат символына айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» кесенесіне барар жолдағы Аягөз өзенінің үстінен 146 метрлік көпір салынды. Көпір аяқталған жерден бастап кесенеге дейін 900 метрлік тас жол төселді. Сонымен қатар, бұл көпір Тарлаулы ауылдық округін Шұбартау өңірімен де байланыстырады.

2012 жылы республикалық бюджеттен тас жолдың жөндеуіне 375 млн теңге, жаңа көпірді тұрғызуға 100 млн теңге қаражат бөлінген болатын. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 20 млн теңге, облыстық бюджеттен қосымша 46 млн теңге қаржы бөлініп, жаңа көпір жоспарға сәйкес халыққа пайдалануға берілді.





Яндекс.Метрика