Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Қазақстан астық жинайтын комбайн мен ұшақты бажсыз тасымалдауға мүмкіндік алды

2019 жылға дейін қазақстандық фермерлер жыл сайын баж салығынсыз шет елдің 300 астық жинау комбайны мен ұшағын сатып ала алады. Бұл жайында ҚР Примьер-министрі Серік Ахметов «КТК» арнасына берген сұқбатында айтты.
Казахстан30 Қыркүйек , 10:18

«Біздің астық компанияларымыз бен фермерлеріміз бірнеше жыл бойы заманауи комбайнмен жұмыс істеді. Кедендік салық 30% құрады дегенде, әрине, отандық тауар өндірушілердің ауылшаруашылық техникасын жаңартуға бұл үлкен салмақ болып тиді», - деді С.Ахметов.

«Үкімет басшылары дәрежесіндегі Кедендік Одақ мүшелері елдерінің өкілдері Қазақстанның жыл сайын баж салығынсыз шет елдің 300 астық жинау комбайны мен ұшағын сатып алу туралы ұстанымын  қолдады», - деді.

Ресейде кедендік баж салығы қазір 25% шамасында. Осы кедендік баждың біздің әуе компанияларына 0% болуы үшін әзірге 2019 жылға дейінгі мәселе төңірегінде айтамыз. Өйткені  қазір техника жаңарту ісін қарқынды қолға алудамыз және біз 2020 жылға дейін әуе тасымалдау  техникасын да жаңартуымыз керек», - деді Үкімет басшысы.

«Бұл сарапшылардың,мемлекттік орган қызметкерлерінің бұрыннан келе жатқан жұмысы», - деді С.Ахметов.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика