Парламент

Мәжіліс үшінші елдерге байланысты демпингке қарсы және тәркілеу шаралары туралы заңды мақұлдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі «Үшінші елдерге қарсы арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және тәркілеу шаралары туралы» ҚР заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 11:39

«Аталмыш заң жобасы ДСҰ келісімімен Кедендік одақтың келіссөздік-құқықтық базасын құратын қол қойылған және ратификацияланған халықаралық келісімдермен ұлттық заңнама нормаларын сәйкестендіру мақсатында дайындалды. Қолданыстағы заңның тұжырымдамалық нормалары қабылданған халықаралық тәжірибеге сай келеді. Алайда, Кедендік одақ шарттарында арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және тәркілеу шараларын қабылдау тұжырымдамасының өзі өзгеріп кетті», - делінген қаржы және бюджет комитетінің мәлімдемесінде.  

Заң жобасында кедендік баж салығының төлемдерімен баламалы арнайы, демпингке қарсы және тәркілеу салығы есебінен және аудару, төлеу, есептеу, бөлу мен қайтару тәртібі қарастырылған.

Сонымен қатар, төменгі палата бірінші оқылымда «Үшінші елдерге қарсы арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және тәркілеу шаралары мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сүйемелдеуші заң жобасын мақұлдады.

Комитет мәлімдемесіне сай, заң жобасы «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР заңы, «Кедендік істер туралы», «Салық және өзге де міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ұлтүстілік орган мен халықаралық ұйымдарға мемлекеттік органдардан алынған ЕЭК-пен өзара байланысқа құзіретті мемлекеттік органдардың құпия ақпараттарымен алмасу/беру мәселесін реттеуді қарастырады.

Бұдан бөлек арнайы, демпингке қарсы және тәркілеу салығын төлеу жауапкершілігінен босатуға негіз беретін сенімді емес ескерту өтінішіне жауапкершілік белгілеу мәселесі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексіне толықтырулар енгізілу қарастырылуда.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика