Өңірлер

СҚО-да 2014 жылы 143,7 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді

Осы жылғы қаңтар-қарашадағы облыстың өнеркәсіптік өндіріс өсімінің қарқыны жалпы республикалық деңгейден 3,7 пайыздық тармаққа жоғары болды, деп хабарлады СҚО статистика департаменті.
Оңтүстік Қазақстан24 Желтоксан , 16:32

2014 жыл басынан қолданыстағы бағада 143,7 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді (шағын кәсіпорындар мен қосалқы өндірісті қоса), ол 2013 жылғы қаңтар-қараша деңгейінен 3,8% жоғары болды.

Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі 108,9 млрд теңгені құрады, немесе 2013 жылғы сәйкес кезеңіне 4 %-ға ұлғаюмен өніркәсіптік өндірістің жалпы көлемінен 75,8%.

Өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай үлесін азық-түлік өнімдерін өндіру (62,1%) алады. Рапс және күнбағыс майы (1,8 есе), өңделген сүт және кілегей (21,8%-ға), шаруа майы (11,7%-ға), печенье және ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер (19,1%-ға) 2013 жылғы қаңтар-қарашадан артық өндірілді.

Облыста дайын металл бұйымдарын жасау (29,3%-ға), машиналар мен жабықтар (11,1), киім (10,3%-ға) өндірісі сияқты салалар жоғары қарқынмен дамуда.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда нақты көлем индексі 104,3%-ды құрады.




Яндекс.Метрика