Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

29 желтоқсаннан бастап Астана мен Қызылорда арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Қызылорда» бағытындағы №89/90 жолаушылар пойызын жіберетіні жайлы хабарлайды. Құрам 4 күнде 1 рет қатынайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 13:32

«Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 2 вагон ресторан және 3 техникалық вагон бар.Құрам Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан станцияларына аялдайды. Қызылордаға дейінгі жол 22 сағат 25 минутты, қайтар жол 23 сағат 22 минутты құрайды», - делінген хабарламада.

2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ үстіміздегі жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытқа сұранысқа сәйкес билет құны өзгеруі мүмкін.




Яндекс.Метрика