Инфрақұрылымның дамуы

Ақтауда 16 құрылыс нысанының жобасы мақұлданды

Ақтау қаласының әкімдігінде сәулет және қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес отырысына кеңеске мүше мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, кеңеске шақырылған құрылыс салушы ұйым басшылары (өкілдері), кәсіпкерлер мен жобалаушылар қатысты, деп хабарлады қала әкімдігі.
Маңғыстау24 Желтоксан , 12:34

Кеңес отырысының күн тәртібіне 27 құрылыс объектісінің жобалық материалдары ұсынылып, қаралды.

Олардың ішінде 16-сы мақұлданып, 9-ы мақұлданбады және 2 жоба белгілі себептермен күн тәртібінен алынды. Алдағы уақытта құрылыс иелері мақұлданған жобалар бойынша қоғамдық тыңдау жүргізетін болады.




Яндекс.Метрика