Евразиялық одақ

ЕЭК алқасы ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасын мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында кедендік ынтымақтастық, экономикалық және қаржылық саясат, сауда, агроөнеркәсіптік кешен мен техникалық реттеу салаларындағы мәселелер қаралды, деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.
Әлемде24 Желтоксан , 12:19

ЕЭК алқасы шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі жобасы мақұлданып, мемлекетішілік келісім алу үшін КО мен БЭК елдеріне бағытталды.

Сонымен қатар, отырыста ЕЭК алқасы Кедендік одақтың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізіп, соның ішінде кедендік рәсімдеу шараларында қолданылатын классификаторға қатысты, олардың қолданылуы мен 2010 жылдың 20 қыркүйегіндегі Кедендік одақ комиссиясының № 375 Шешімімен бекітілген кедендік аумақтан тыс жерде кедендік рәсімдеу процедурасына тыйым салынған тауарлар тізіміне өзгерістер енгізді.

Және де кедендік құжаттардың электронды көшірмесінің форматы мен құрылымына қатысты ЕЭК алқасының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мақұлданды.

ЕЭК алқа мүшелері кедендік тасымалдаушылар реестріне енгізу туралы куәлік формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

«ЕЭК алқасы 2015-2018 жылдарға арналған Комиссия мен Біріккен ұлтардың азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымымен (ФАО) өзара байланыс шаралары жоспарының жобасын мақұлдады. 2013 жылдың қарашасында қол қойылған Комиссия мен ФАО арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру аясында бірлескен бірқатар шараларды қарастыратын жоспар дайындалды. Атап айтар болсақ, конференция, семинар мен тренингтер ұйымдастыру және агроөнеркәсіптік кешен саласында техникалық кеңес беру мен өзге де шаралар қарастырылған», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика