Өңірлер

Ақтөбе облысының аудандық кәсіпкерлері 2014 жылы 5 млрд теңгенің өнімін өндірді

Ақтөбе облысының Бадамша ауылында кәсіпкерлердің өңірлік форумы өтті, деп хабарлады «Даму» қоры.
Ақтөбе24 Желтоксан , 15:03

Бүгінгі таңда ауданда 17 мың адам тұрады. Оның 10 мыңы экономикалық белсенді халық, ШОБ саласында 4110, 700 субъектінің 45 заңды тұлға болса, 655 – ЖК және фермерлік шаруашылық. Бүгінгі таңда олар міндеттелген жұмыстарды атқарып, 5 млрд теңгенің қызметін көрсетті.Атап өтілгендей, жергілікті бюджетке салық түрінде 470 млн теңге түсті.

Форумға облыс әкімдігі мен қаржы институты және ШОБ қаржылай емес көмек тобы, ірі сауда жүйелерінің топ-менеджерлері мен жеке инвесторлар қатысты.

Кездесу барысында «Даму» қорының бас менеджері Берік Нұрғалиев экономика саласындағы басым бағыттар бойынша пайыздық субсидиялау мөлшерлемесі мен несие туралы айтып өтті. Бірінші кезекте, бұл жаңа несиелер, олар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаңа инвестициялық жобалардың тегін түрде қызметке ие болуына бағытталады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер аудандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығына барып, кеңес алып, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпаратқа ие бола алады.




Яндекс.Метрика