Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Үлкен Нарын ауылында «Біздің ауыл» жобасы аясында кәсіптік бағыттау кабинеті ашылды – Нұр Отан

«Біздің ауыл» партиялық жобасы аясында ШҚО Үлкен Нарын ауылындағы В.И.Ленин атындағы мектепте кәсіптік бағыттау кабинеті ашылды. Оны дайындауға аудандық білім беру бөлімі мен аудандық Кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан24 Желтоксан , 14:32

Хабарламада айтылғандай, кабинет қажетті құрылғылармен, тақталармен жарақтандырылған.

«Болашақ мамандық таңдауы үлкен жауапты іс. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты таңдай білу кейінгі жемісті еңбек етудің алғышарты. Сол себепті әу баста дұрыс таңдау жасаудың мәні ерекше. Бұл Жалпыға Ортақ еңбек қоғамының басты қағидаларының бірі», - дейді Қатон-Қарағай аудандық «Нұр Отан» партиясы аудандық бөлімшесінің  төрағасы Қалиқан Байғосынов жастар алдында сөз алып.

Оның айтуынша, мұнда оқушылар кәсіптік бағыттау тесттеріне қатысып, сол арқылы олар өздерінің қай салаға бейімді екенін анықтайды.

Өз кезегінде Қатон-Қарағай ауданы білім бөлімі жетекшісі Лаура Тоқсанова аталмыш кабинеттің ашылуы жас мамандар дайындау ісін жолға қоятынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясы ауылдық жерде сапалы өмір шарттарын қруға, соның ішінде көпшіліктің назарын ауылдық елді мекендердің әлеуметтік жағдайына аударуға бағытталған «Біздің ауыл» жобасын іске асыруда.  Жоба аясында өңірлік және аймақтық бөлімшелерде баспасөз конференциялары, брифингтер, диалог алаңдары ұйымдастырылды.




Яндекс.Метрика