«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстандықтар «Нұрлы жол» бағдарламасының жоспарын жүзеге асыруға белсенді атсалысуы керек - депутат

Құрамында Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов пен БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы Әлтаир Ахметов бар «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауын ақпараттық насихаттау тобы Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұстаздар ұжымымен және студенттерімен кездесті, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Атырау24 Желтоксан , 11:32

Серік Сейдуманов пен Әлтаир Ахметов өз сөздерінде Президенттің халыққа Жолдауының негізгі бағыттарын еске салды.

РАНТ мүшелері ұлттың бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы білім сапасын арттыру қажеттілігіне кеңінен тоқталды.

А. Ахметовтың айтуынша, білім сапасы үш нәрсеге тәуелді  - ұстаздың деңгейі, білім алушының құштарлығы мен білім ошағының материалдық-техникалық базасына.

Әкімдіктен хабарлағандай, Мәжіліс депутаты С. Сейдуманов осымен екінші рет Атырауға келіп отыр. Ол халық туралы жақсы лебізін білдірді. «Маған атыраулықтар қатты ұнайды. Мұнда шынайы тілдесуге және ашық әңгімелесуге болады. Бастысы біз барлығымаз Елбасы Жолдауда атап көрсеткен міндеттерді іске асыруға белсенді атсалысуымыз керек . Әр азамат өз өмірін жақсы жаққа өзгертуге ұмтылуы тиіс», - деп атап өтті депутат.

Бұдан басқа РАНТ мүшелері журналистер мен студенттердің сұрақтарына жауап берді. Олар көбіне шетелде білім алуға, экономикалық жағдай мен жаһандық дағдарысқа қарсы тұру мәселелеріне қатысты болды. 




Яндекс.Метрика