Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

ҚР-да «Қаратау-2013» тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары аяқталды

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Қаратау-2013» тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары аяқталды. Оған арнайы мақсаттағы топтар мен Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері қатысты. Сондай-ақ, оқу тапсырмаларын пысықтауға Әуе қорғанысы және Әскери-теңіз күштерінің басқару органдары да тартылды,деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан 30 Қыркүйек, 10:09

Қарулы Күштерде «Қаратау» оқу-жаттығулары жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жаттығулар өткен жылдармен салыстырғанда, бір ғана полигонмен шектелмей барлық өңірлік қолбасшылықтардың бірнеше оқу орталықтарының базасында өткізілді.

 Барлаушылар бес күн бойы шарты қарсыласты анықтау, блок қою және оларды жою бойынша тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтады. Жаттығулар максимальді түрде шынайы жауынгерлік жағдайға жақын өткізілді. Далада қону, кенеттен шабуыл жасау, шартты қарсыластың жауап оқ атуы сияқты ұрыс жүргізудің жедел-тактикалық жағдайында жүргізілді.

«Қаратау-2013» оқу-жаттығуларын қолбасшылық жоғары бағалады. Бөлімшелер тапсырмаларды сауатты орындап шыққаны ерекше айтылды. Дайындық кезінде әскери қызметшілер жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің әдістері мен тактикасын жетілдіре алды.





Яндекс.Метрика