Өңірлер

2014 жылы Қостанай облысында 4,5 млн тонна астық жиналды

2014 жылы Қостанай облысында орташа егін шығымы гектарына 11 центнерден келіп, жалпы көлемі 4,5 млн тонна астық жиналды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Қостанай24 Желтоксан , 16:47

«Төлем қабілетін арттыру, несие ауыртпалықтарын азайту мен банкротқа ұшырау қатерлерін барынша төмендету мақсатында 2013-2014 жылдары мемлекет АӨК суюбъектілеріне Қаржылық сауықтандыру бағдарламасы бойынша 300 млрд теңге бөлді. 75 субъект аталмыш бағдарламаға қатысты. Соның ішінде Республикалық комиссия 48 ауыл шаруашылық өнімін өндірушінің жалпы құны 51,8 млрд теңге болатын негізгі қарызын мақұлдады. Осы тұрғыда субсидиялау сомасының сыйақысы 164,5 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Жыл сайын агроөнеркәсіптік сектордың басым бағыттарын қолдау көлемі артып келеді. 2014 жылы субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау көлемі 15,8 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ АӨК өкілдеріне 4,8 млрд теңге көлемінде несие қаражат бөледі. Онда тұқымы бар тұқым шаруашылықтары тізімі мен тұқымға мұқтаж шаруашылықтардың тізімі бар.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында АӨК салаларын мемлекеттік қолдау бойынша шаралар жүйесі жасалынған.

Ғылыми негізделген ылғал сақтаушы технологияға өте отырып өндірісті әртараптандыру, өндіріс көлемін арттыру мен ауыл шаруашылық өнімдері сапасын жақсарту арқылы өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға Қостанай облысы соңғы жылдары 11 млрд теңге көлемінде субсидия алды.

Әкімдіктің хабарлауынша, мал шаруашылығын дамытуға АӨК индустрияландыру шаралары өзінің үлесін қосуда. Қабылданған мақсатты бағдарламалар мен маңызды бағыттар бойынша қолда бар мемлекеттік қолдауларды іске асыру саланы дамытуға жол ашпақ. Соңғы 5 жылда мал шаруашылығы саласында құны 32 млрд теңгеден астам болатын 55 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.

Ірі қара малдың ет экспорты әлеуетін арттыру жобаларын іске асыру аясында облыста 15,8 мың басқа арналған 21 бордақылау алаңы салынды. 2014 жылы 5,4 мың басқа арналған 3 осындай қора ашылды.




Яндекс.Метрика