ҚР ИИДМБ

Атырауда ҮИИД МБ аясында 680 млн теңгенің жаңа құс фабрикасы ашылды

Атырау облысының Махамбет ауданы Алмалы ауылында ҮИИД МБ аясында «Алмалы құс» атты жаңа құс фабрикасы ашылды, деп хабарлайды ҰКП.
Атырау24 Желтоксан , 10:18

Хабарламада айтылғандай, құс фабрикасы құрылысына 680 млн теңге жұмсалған. Нысанның ашылуы 45 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

«Қазіргі таңда ерекше күтіммен 59 мың балапан өсіріліп жатыр. Олар Ресейден әкелінген. Келер жылдың мамыр айында тағы да осыншалықты балапан өсіру жоспарланған. Сонда кәсіпорын толық қуаттылыққа өтіп, жылына 30 млн дана жұмыртқа шығара алады», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, бүгінге дейін Атырау облысында құс фабрикасы тек Құлсары қаласы мен Жылыой ауданында ғана болған еді. Олар облыс халқының қажеттілігінің тек 13 пайызын ғана өтеуге қауқарлы болатын.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, алдағы уақытта фабрика жұмыртқа өсірумен шектелмей, құс етін де өндіре бастамақ. Келер жылы кәсіпорын жылына 10 тонна өнімді саудаға шығармақ.  




Яндекс.Метрика