Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Алматы облысында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру ХҚКО пайдалануға берілді

Талдықорғанда Алматы облысының әкімі А.Баталовтың қатысуымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы24 Желтоксан , 10:02

Аталған жоба ҚР Президенті Н.Назарбаевтың автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру функцияларын халыққа қызмет көрсету орталықтарының құзыретіне аудару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.

Аталған нысан құрылысы биыл сәуір айында басталып, бюджеттен 1 млрд. 18 млн. тг бөлінген. Кешеннің жалпы аумағы 6,28 га құрайды.

Жаңа ХҚКО автокөліктерді тіркейтін және жүргізуші куәлігін беретін реттеу залдары, емтихан тапсыруға арналған класс, дайын құжаттарды беретін сектор, жол полициясы қызметкерлерінің кабинеттері және көлік құралдарының тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін әзірлеуге арналған бөлме орналасқан ғимараттан тұрады. Сонымен бірге кешеннің аумағында 4 көліктің агрегатын тексеру мүмкіндігі бар пункт, практикалық сынақ тапсыруға арналған автодром және мамандандырылған ХҚКО-ға келушілер үшін 346 автокөлікке есептелген автотұрақ бар.

 




Яндекс.Метрика