Өңірлер

ҚазҒЗ АҚ құнды қағаздарының 50% электронды аукционда 503,7 млн теңгеге сатылды

«Самұрық-Қазына» Тобының жекешелендіру бағдарламасы аясында «Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы ҚазҒЗ Энергетика институты» АҚ 503,7 млн. теңгеге сатылды, деп хабарлады Ұлттық компания.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 09:32

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің электронды алаңында  өткен кезекті сауда барысында «Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы ҚазҒЗ Энергетика институты» АҚ құнды қағаздарының 50,0005% электронды аукционда сатылды», - делінген хабарламада.

«Академик Ш.Ш.Шөкин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» АҚ негізінен электроэнергетика және  маркетинг саласында зерттеу жүрігізіп, электр қуатын тұтыну, электр қуаты жүктемелері мен электр станцияларын дамыту, электр желілері қуатының балансы мен кәсіпорындарға энергетикалық аудит жүргізу қызметтерімен айналысады. Активтің құны бастапқы сауда бағасынан 2% қымбаттап, институт 503,7 млн. теңгеге сатылды.

«Самұрық-Қазына» компаниялары Тобының жекешелендіру бағдарламасы аясында атқарылған кешенді шаралар нәтижесінде бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 4,1 млрд. теңгеге 11 актив сатылды. Саудаға алғаш шығарылған тұста олардың құны 2,5 млрд. теңге деп белгіленген болатын.

Таяу арада саудаға қойылатын барлық компаниялар мен оларды сату ережелері туралы толымды ақпарат Қордың ресми сайтындағы «Жекешелендіру» айдарында, сондай-ақ, Жекешелендіру бағдарламасының операторы  «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-нің ресми сайтында жарияланған.

Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау аясында ҚР Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесіп, 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын әзірлеген болатын.  2014-2020 жылдар аралығында Қор иелігіндегі 106 активті жекешелендіру жоспарланған. Бағдарламаны жүзеге асыру алдымен экономикадағы мемлекеттің қатысуын азайтып, жеке меншік сектордың үлесін арттыру арқылы оның негізін нығайта түсуді көздейді.

 




Яндекс.Метрика