Евразиялық одақ

ЖЭЕО отырысында ЕАЭО-ны 2015 жылы іске қосу мәселелері қарастырылды

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан Президенттері ЕАЭО органдарының қызметін регламенттеуге қатысты бірқатар келісімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде24 Желтоксан , 09:01

«Отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Серж Саргсян және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қатысты.Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты 2015 жылдан бастап іске қосу және оның шетелдік серіктестермен өзара ықпалдастығы мәселелерін қарастырды», - делінген хабарламада.

Отырыс барысында мемлекет басшылары ЕАЭО органдарының қызметін регламенттеуге, Одақ Соты мен Комиссиясын құруға және оның жұмысына, сондай-ақ Т.Мансұровты Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі aлқасының мүшесі (министр) етіп тағайындауға байланысты бірқатар шешімдерге қол қойды. 

Сонымен қатар, президенттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстан Республикасының қосылуы туралы шартқа қол қойды.




Яндекс.Метрика