Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: ҰҚШҰ өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен сындарлы әрекеттестік үшін ашық ұйым

Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде23 Желтоксан , 16:57

«Кездесуге Президенттер, атап айтқанда, Қазақстаннан – Нұрсұлтан Назарбаев, Армениядан – Серж Саргсян, Беларусьтен – Александр Лукашенко, Қырғызстаннан – Алмазбек Атамбаев, Ресейден – Владимир Путин, Тәжікстаннан – Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа қатысты», - делінген хабарламада.

Мемлекеттер басшылары ұйымның жауапкершілік аймағындағы ахуалды талқылап, қауіпсіздіктің жаһандық және өңірлік сын-қатерлеріне қарсы ҰҚШҰ-ның дағдарыстық әрекет ету жүйесі жағдайын қарастырды. 

Сонымен қатар сессия барысында ұйымдағы төрағалықты Ресейден қабылдап алған Тәжікстан келер жылғы қызметтің басым бағыттарымен таныстырды. 

Қазақстан Президенті сессияға қатысушыларға арнаған сөзінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығына ортақ міндет қауіпсіздікті нығайтуға, өңірдегі бейбіт әрі тұрақты дамуға қажетті жағдайды қамтамасыз етуге атсалысу екеніне тоқталды.

«Бұл өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен сындарлы әрекеттестік үшін ашық ұйым. Отырыста қабылдау жоспарланған шешімдер ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметтің тиімділігін көтеру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі деп үміттенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сессияда сөйлегендер Шарттың ережесін нақты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара белсене ықпалдасуы қажеттігін атап өтті. 

Кеңейтілген құрамдағы отырыстың қорытындысы бойынша мемлекет басшылары ҰҚШҰ аясындағы сыртқы саяси үйлестіруді жетілдіруге, Ұйымның әскери және әскери-экономикалық, терроризммен күрес, ақпараттық қауіпсіздік және кадр даярлау салаларындағы ынтымақтастығын дамытуға қатысты 20 шақты құжатқа қойды.

Сондай-ақ президенттер Мәлімдеме қабылдады, онда қазіргі заманның негізгі қауіптері мен сын-қатерлеріне қарсы іс-қимылдар көрініс тапқан.  

 




Яндекс.Метрика