Адами капитал

БҒМ мен Ардагерлер ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 16:51

«Бізде маңызды міндет - азаматтық қоғам институттарының еркіндігін, қоғамдағы конфессияаралық келісімді, өскелең ұрпақты тәрбиелеуді арттыру. Олардың ішіндегі маңыздылардың бірі ҰОС 1941-1945 жылдардағы қазақстандық әскери және еңбек жетістіктерімен     мақтану сезімін қалыптастыру, себебі келер жылы біз ҰОС-ның 70 жылдығын атап өтеміз», - деді ҚР білім және ғылым вице-министрі   Тақыр Балықбаев.

Т. Балықбаев хабарлағандай, БҒМ 2015 жылдың аталмыш маңызды оқиғасына дайындық жұмыстарын жүргізуде.

«Президент өзінің Тәуелсіздік күнімен құттықтау сөзінде оның маңызды оқиға екенін атап өтті. Біз оны күллі ел болып атап өтуіміз керек. Осы ретте ҚР БҒМ нақты дайындық жұмыстарын жүргізуде және біздің жоспарларымызда бар. Бүгін арнайы Меморандум дайындадық. Онда біз министрлік пен ардагерлер ұйымы арасындағы өзара қарым-қатынас туралы мәселелерді қарастырып, ортақ келісімге келдік»,  - деп түсіндірді вице-министр.

Айта кетерлік жайт, аталмыш келісімнің мақсаты өскелең ұрпақтың патриоттық рухта тәрбиеленуіне жағдай жасау және сұрапыл соғыстағы ата-бабамыздың өшпес ерлігін насихаттау. Меморандум шеңберінде Жастар саясаты департаменті «Ардагерлер ұйымымен» бірлесіп бірқатар маңызды шараларды өткізуді жоспарлауда.

Бұдан басқа, Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай шығармашыл жастар арасында «Жеңіл жолымен» халықаралық фестивалі өткізіледі.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика