Адами капитал

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес құрылды

Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес – Ұлттық палатаның консультативтік-кеңесу органы. Кеңес Қазақстанда осы саланың дамуы үшін қажет шаралар кешенін дайындау, сараптамалық бағалау және өркендету үшін және мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әрекеттестігін үйлестіру үшін құрылды, деп хабарлады Ұлттық палата.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 19:18

ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңесі бизнес, мемлекеттік орган, жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.  өкілдерін өзекті мәселелерді талқылауға тартатын болады.

Ұлттық палатаның жаңа органы қызметі бағыттарының бірі орталық және жергілікті атқарушы органдарға жас кәсіпкерлердің жұмыс жасау процесінде туындайтын түйткілдерді шешуде консультация беру болмақшы. Кеңес халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнататын болады.

ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңесінің Төрағасы – танымал қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев. Кеңес құрамына жас кәсіпкерлер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР ҰКП, ҚР Ұлттық банкі, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері кірді.

24 желтоқсанда ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен Кеңестің бірінші отырысы өтеді. Отырыста өзекті түйткілдерді талқылаумен бірге 2015 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітіледі деп күтілуде. 




Яндекс.Метрика