Өңірлер

Астанада 540-тан астам нысан заңдастырылды – Мемлекеттік кірістер департаменті

Астанада 289 тұрғын, 249 тұрғын емес және 10 коммерциялық нысан заңдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 16:32

Хабарламада айтылғандай, елордада заңдастыруға құжаттар қабылдау уақытынан бері 972 өтініш тіркелген. «Заңдастырылған мүліктердің жалпы құны қазіргі таңда 2 млрд теңгеден асып жығылады. Қаржыны заңдастыру бойынша биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейін жинақ шоттарына 578 млн 196 мың теңге аударылды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлік пен қаржы құралдарын заңдастыру науқаны басталған еді. Шара 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасын таппақ.




Яндекс.Метрика