Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Тәуелсіздік рухы- болашақты құрудың кепілі – Омаров

Тәуелсіздік жылдары біздің көпұлтты еліміз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, деді №2 қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, Тараз қалалық мәслихаты депутаты Ғұлам Омаров Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Казахстан23 Желтоксан , 18:03

Оның айтуынша, 90 жылдары өзінің  алғашқы тәуелсіз ғұмырына аяқ басқан жас Қазақстан Республикасы халықтың әл-ауқаты мен гүлденуіне бағытталған өзіндік даму жолына түсті. «Тәуелсіздіктің 23 жылында қол жеткізген барлық жетістіктеріміз Елбасының ерен еңбегінің арқасы. Оның көрегендігі мен даналығының арқасында Қазақстанның барлық азаматтары ертеңгі күнге үлкен сеніммен қарай алады. Тәуелсіздік рухы болашағымызды құруымыздың кепілі», - дейді ол.

Әрине, елдегі экономикалық және саяси жағдайларға әлемдік ахуалдардың да өзіндік ықпалы болмай қоймайды. Посткеңестік өзге де елдер секілді Қазақстан да әлемдік экономикалық дағдарыстарды бастан өткеруге мәжбүр болып отыр.

Тәуелсіздіктің жиырма үшінші жылымен құттықтаған Елбасы аталмыш мереке күні былай деді: «Қазірде ешбір ел мен халыққа оңайға соғып отырған жоқ. Әлемдік нарық көмірсутек пен металл бағасының төмендеуіне байланысты күрделі кезеңді бастан өткеруде. Бұл біздің экспортқа шығаратын басты байлығымыз екені анық. Бізге де осы орайда әлемдік экономиканың әсері өзіндік ықпалын тигізеді. Бұны әрбір қазақстандық түсіне білуі керек. Сол себепті біз бюджет шығындары мен кейбір қаражатты қысқартуымыз мәжбүрліктен туындамақ. Дегенмен мемлекет өзінің халқы алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді қысқартпайтынын тағы қайталаймын».

«Қалалық мәслихат депутаты, медицина қызметкері ретінде бюджеттік шығындардың қысқартылуы мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерінен айналып өтетіні мені қатты қуантады. Қазақстанда ауыл амбулаторияларының құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік бағдарламалар да өз бағытымен дами бермек. Сөзсіз, алда айтарлықтай көп шаруа бар. Біздің бағындыратын биігіміз әлі алда», - дейді Омаров.




Яндекс.Метрика