Self made. Кәсіпкерлер

Василий Палаев

Алматы29 Қыркүйек , 11:45

Анықтама:

Василий Палаев 1983 жылы туылған, ұлты-орыс, білімі-жоғары.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ Ұлттық аграрлы техникалық университетін «Кадастр инжинері мүліктік бағалаушы» мамандығы мен қаржыгер бойынша тәмамдады.

Қазіргі таңда «GP group» компаниясының бас директоры қызметін атқарады.

Сыйлықтар: «Ерен еңбегі үшін» медалі, Республикалық «Жастар» Конгресінің «Үздік жас кәсіпкер-2008» номинациясының иегері.

Қоғамдық өмірге белсенді қатысады, «Нұр Отан» ХДп партиясының мүшесі, Республикалық жастар қоғамдық ұйымының «Қазақстанның ауыл жастары» кеңесінің төрағасы.

 «Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевті ең алғаш рет 2002 жылы Қазақстан жастарының Конгресінде көрдім. Елбасының сөзі мен үшін үлкен әсер қалдырып, болашақта айқын мақсат қоюуыма түрткі болды. Ол кезде мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ Ұлттық аграрлы техникалық университетінің 2 курсында оқып жүргенмін. Бұл баяндама біздің тәуелсіз ел атанғанымыздың 1 жылдығына арналған. Ол тек мемлекеттің ғана емес, әр түрлі салалар: мәдениет, саясат, кәсіпкерлік саласының бірге  толуы еді. Мен сол кезде мемлекет жастарға саяси және кәсіпкерлік бағытта бар жағдай жасап жатқандығын түсіндім, біз ол мүмкіндікті қолдануымыз керек!

Кәсіпте жаңа даму бағытын білген өте қажет. Бұл білімнің барлығы саясатта көрініс табуы тиіс. Кәсіп деген не? Негізінде бизнес қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігі іспеттес. Бизнес-класс, бизнес-әріптес, шоу-бизнес. Қазақстанның әрбір тұрғыны бизнеспен етене жақын.

Біздің елде мыңдаған жас табиғатынан көшбасшы болып келеді. Кейбіреуінде саясат жұрнағы болса, екіншісі бизнес жоспарының хас шебері. Алайда, өз мүмкіндіктерін барлығы пайдалана алмайды.

Баз біреулер айды аспаннан бірден шығарғысы келеді.

Ал мен болсам басқа бағытты ұстандым, саяси қызмет арқылы өз кәсібімді дамытудамын.

Кәсіпкерлік – бұл күрделі және қызықты сала. Мен бұл салада 1 жыл болсам да,  кәсіпті бағындырдым деп айта алмаймын.

Мен ел Президентіне және мемлекетке қолдау көрсетіп жатқандығы үшін өте ризамын. Барлық жастарға қорықпай еңбек етуге кеңес беремін, басынан бастауға жүрексінбеу керек», - деп В.Палаев атап өтті.

 

 

 




Сонымен қатар:

Дерекнама

Яндекс.Метрика