Парламент

ІІМ әскери құрылымдары қорқыту қаруымен 15 пайыз мөлшерінде жабдықталған - министрдің орынбасары

ІІМ әскери құрылымдары қорқыту қаруымен (өлтірмейтін қару) 10-15 пайыз мөлшерінде жабдықталған, деп хабарлады вице-министр Рашид Жақыпов Сенаттағы халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 14:54

«2011 жылдан бастап Ұлттық гвардиямен қатар ҚР Ішкі істер министрлігінде өзінің құрылымдарын қорқыту  қаруымен қаруландыру бағдарламасы бар. Біз жергілікті және республикалық бюджет есебінен жоспарлы түрде қорқыту қаруын әлемдік тәжірибенің барлық технологиясын пайдалана отырып  алудамыз», - деді министрдің орынбасары Р.Жақыпов.

Вице-министрдің мәліметі бойынша, әр әскери бөлім 10-15 пайызға суық емес қаруман қамтамасыз етілді.

«Ішкі істер министрлігі ұлттық гвардияны қаржыландыру бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Біздің есептеуімізше Ұлттық гвардия министрліктің әскериленген құрылымы ретінде және әскери міндетін атқаруы және барлық жағдайлар үшін барлық қажетті заттармен  қамтамасыз етілуі тиіс», - деп сендірді  Р.Жақыпов.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика