EXPO-2017

Астанада шағын футбол бойынша «ЭКСПО-2017» кубогы ойнатылды

Қар үстіндегі шағын футбол бойынша жасөспірімдер командалары арасындағы алғашқы жарыс 20 желтоқсан күні Астанадағы Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. Халықаралық мамандандырылған көрмені насихаттауға бағытталған спорттық сайыстарды «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтан 23 Желтоксан, 19:32

Бас жүлде үшін елорданың балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептері мен футбол клубтарының атынан 6 команда күресті. Суық аязға қарамастан, 14-тен 17 жасқа дейінгі жас футболшылар әдемі және қызықты ойынды көрсетті.

«Қажырлы спорттық күрестің бірнеше сағатынан кейін ең мықты деген үш команда аталды. Бірінші орынды және «ЭКСПО-2017» кубогын  №8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің футболшылары жеңді, екінші және үшінші орынды «Астана-1964» футбол клубынан келген екі команда алды. Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдермен, сондай-ақ, естелік сыйлықтармен марапатталды, жарысқа қатысқандардың барлығына ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің бейнелемесі бар сыйлықтар табысталды», - деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қаланың жасөспірімдер командалары арасында осындай спорттық сайыстарды тұрақты өткізіп тұруға ниетті.

 

 





Яндекс.Метрика