Өңірлер

Ақмола облысы Астананы ұн және жұмыртқамен 100 пайыз қамтып отыр – Кулагин

Ақмола облысы Астананы ұн және жұмыртқамен 100 пайыз қамтып отыр, деді ОКҚ брифингінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 14:47

«Облыс Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдеуінің қалыптасуына белсенді атсалысуда. Басты назар азық-түліктің бағасы мен сапасының бәсекелестік дәрежеде жеткізілуінде. Бүгінгі таңда біз елорданы ұн және жұмыртқамен 100 пайыз қамтып отыр. Ал, картоп – 93 пайыз, ет және ет өнімдері – 46 пайыз, сүт өнімдері – 40 пайыз, көкөністің  33 пайызы жеткізіледі», - деді әкім.

С.Кулагиннің айтуынша, басым бағыттардың бірі ретінде ауыл шаруашылығын қайта  өңдеу дамуда. Индустрияландыру бағдарламасы жұмыс істегелі бері облыста жаңа  өңдеу кәсіпорындары салынды.

«Оның ішінде ет пен ет өнімдерін Ресей нарығына жеткізетін ет өңдейтін кешен («Астана Агроөнім» ЖШС), жылына 200 мың тонна шикізат өңдейтін 5 сүт зауыты  ( «КМЗ «Молоко Синегорья» ЖШС, ТОО «Еко Милк», «Милк Прожект», ««Родина» ЖШС, «Балалар тағамын өндіретін Көкшетау зауыты»)», - деді С.Кулагин.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика