Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2014 жылы Ақмола облысының жолдарын дамытуға 6,5 млрд теңге бөлінді – әкім

2014 жылы Ақмола облысының автокөлік жолдарын дамыту үшін 6,5 млрд теңге бөлінді.Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 12:59

«Автокөлік жолдарын дамытуға 6,5 млрд теңге бағытталды, күрделі жөндеуден жергілікті маңыздағы 83 км жол өтті. Аудан орталықтарын 2020 жылға дейін жолаушылар тасымалдарының инфрақұрылымымен қамту үшін 6 автостанция мен 4 жолаушыларға қызмет көрсету орталығы ашылды», - деді әкім.

С.Кулагиннің айтуынша, осы басым бағыттарға Щучинск-Бурабай аймағының жолдарын дамыту, елорда маңындағы жолдарды, облыс орталығы, аудан орталығы  мен Степногорск қаласы маңындағы автокөлік жолдарын  дамыту енеді.

Сондай-ақ, тасымалдаушылар автобус маршруттарының қызметін атқаратын жолаушылар көлігін жаңартып отырады. Бизнестің жол картасы -2020 аясында пайыздық мөлшерлеме бойынша субсидиялау және несиелік кепілдендіру бойынша 2014 жылы 10 автобус пен микроавтобус алынды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика