Халықаралық интеграция

Қазақстандық әскери қызметшілер тұңғыш рет Берлиндегі мергендердің ашық халықаралық жарысына қатысты

Ресей Федерациясы Мәскеу облысының Ногинск ауданында капитан Владимир Николаевич Берлинді еске алу құрметіне арнайы мақсаттағы бөлімшелер мергендерінің ашық халықаралық жарысы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде23 Желтоксан , 19:47

«Қазақстандық әскери қызметшілер бұл жарысқа тұңғыш рет қатысып отыр. Қазақстаннан басқа осы сайысқа Ресей Федерациясының, Армения Республикасының және Беларусь Республикасының мергендері қатысты», - делінген хабарламада.

Төрт елдің 27 командасындағы мергендер нақты ұрыс қимылдарына жақын жағдайда жаттығулар орындап, өз дағдыларын көрсетті. Төрт тәулік бойы түрлі қашықтықтарда, күндіз және түнде 50-ге жуық жаттығулар орындалды. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері өздерінің дебюттік сайыстарында айтарлықтай нәтиже көрсетіп, беделді орындарға шықты.

Жарыс соңындағы қорытынды бойынша 1-орынды Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі арнайы мақсаттағы орталығының «А» басқармасы, 2-орынды РФ ФҚҚ Шекара қызметінің командасы, 3-орынды Беларусь Республикасы МҚК «А» тобы жеңіп алды. Іс-шараны Ресей Федералдық күзет қызметі РФ Президентінің қаупсіздік қызметінің арнайы мақсаттағы басқармасы ұйымдастырды.
 




Яндекс.Метрика