Өңірлер

ОҚО-да 2014 жылы өңдеу өнеркәсібі саласына салынған инвестиция көлемі 151,9%-ды құрады

2014 жылғы қаңтар-қарашада өңдеу өнеркәсібі саласына салынған инвестициялар 34134,2 млн. теңгені немесе 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 151,9% құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Оңтүстік Қазақстан23 Желтоксан , 15:32

Оның үлес салмағы облыс бойынша инвестицияның жалпы көлемінің 9,2% құрады. Ағымдағы кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 13385,9 млн. теңгеге жаңа негізгі құралдар іске қосылды. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға жұмсалған инвестициялардың едәуір бөлігі 25,4% немесе 8684,4 млн. теңгесі – металл емес минералдық өнімдерді өндіру, 16,6% немесе 5670,5 млн. теңгесі – кокс және мұнай өндеу өнімдерін өндіру салаларына тиесілі.

Аудандар бойынша инвестицияның едәуір үлес салмағы 56,2% немесе 19192,3 млн. теңгесі Шымкент қ. және Сарыағаш ауданына – 21,5% немесе 7354,5 млн. теңгесі тиесілі. Инвестициялық салымдардың негізгі бөлігі (83,2%) кәсіпорындардың өз қаржысы есебінен жүргізілді, қалған бөлігі (16,8%) банктердің кредиттері  және басқа да қарыз қаражаты есебіне тиесілі.




Яндекс.Метрика