Халықаралық интеграция

Әскери инспекторлар әскери ақпараттың нақтылығын бағалайтын болады – Қорғаныс министрлігі

Қазақстандық әскери қызметшілер Венадағы ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтерінде өткен Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі верификациялық орталық бастықтарының кезекті сегізінші кездесуіне қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде23 Желтоксан , 17:02

«Келісім мен қауіпсіздік шараларын нығайту туралы Вена құжаты шеңберінде өткен кездесу барысында 2014 жылы халықаралық келісімдердің тиімді инспекциялық қызмет және әскери ақпарат алмасу саласындағы ережелері толықтай орындалғаны аталып өтілді», - делінген хабарламада.

Қазақстандық инспекциялық топтар Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелеріне шетелдік әскери инспекцияны қамтамасыз етуде алған міндеттемелерін орындап, Чехия, Германия, Голландия, Бельгия және Ұлыбритания мемлекеттерінің аумағында белсенді инспекциялар жүргізді.  

Әскери инспекторлар ЕҚЫҰ байланыс желісін пайдалану және оны одан әрі жаңғырту мәселелерін талқылап, әскери ақпараттар алмасты.  Аталған тақырып 2015 жылы тиімді  инспекция жасау және жеткізілген ақпараттың нақтылығын бағалауға негіз болады.

Кездесу шеңберінде ҚР ҚМ жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі орталық бастығы полковник Амангелді Аубакиров Беларусь, Венгрия, Германия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Франция мемлекеттерінің Верификациялық орталықтарының бастықтарымен екіжақты кездесулер өткізді.

 




Яндекс.Метрика