Инфрақұрылымның дамуы

Павлодарда 2014 жылы 12 тұрғын үй жөнделді

Павлодарда 2014 жылы 12 тұрғын үй жөнделді, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Павлодар23 Желтоксан , 14:03

3 тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары әлі жалғасуда. Қазір ауа-райы жағдайларына байланысты кей жұмыстар 2015 жылдың сәуір айына шегерілді. «ТКШ жаңғырту бағдарламасын» іске асыру нәтижесінде 9 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары мен қалпына келтіру, суық және ыстық сумен қамту желілерін алмастыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 9 үйдегі жылумен қамту желілері алмастырылып, 10 үйдегі жылу түйіндері ауыстырылды. Бұдан бөлек, автоматты жылу пункті орнатылып, су ысытқыштары жаңадан қойылды.




Яндекс.Метрика