Өңірлер

АӨК субъектілеріне инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында 12,2 млрд теңге төленеді - ҚазАгро

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілеріне 12,2 млрд теңге көлемінде субсидия бекітілді. Бұл - бағдарлама бойынша қарастырылған қаражаттың 90%-ы, деп хабарлады ҚазАгро.
Казахстан23 Желтоксан , 12:49

Бүгінгі күні бағдарлама бойынша бөлінген қаражат Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары бойынша толық игерілді.

Қазіргі таңда барлығы АӨК салаларындағы 1 060 жоба бойынша субсидия төлеу мақұлданған. Жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған.

Еске сала кетсек, инвестициялық субсидиялау елімізде биыл алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

«Қазагромаркетинг» АҚ инвестициялық субсидиялау бағдарламасының операторы болып табылады және инвесторлардан бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылдайды.Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық субсидиялар төленеді. Инвестициялық субсидиялар инвесторлардың Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, оның ішінде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялар инвестициялық жобаны іске асыруға кеткен шығындардың 20-дан 80%-ға дейінгі үлесін өтеуге бағытталған.




Яндекс.Метрика