Өңірлер

Мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі миссиясы-табысты бизнес орта қалыптастыру - әкімдік

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы бойынша жаңа бақылаушы орган Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіне қатысты кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Маңғыстау23 Желтоксан , 15:47

Облыстық мемлекеттік кірістер  департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов атап өткендей, жаңа бақылаушы органның негізгі миссиясы салық және кедендік төлемдерді алу ғана емес, сонымен қатар табысты бизнес ортаны қалыптастыру. «Бизнеске ашық,  сенімді түрде құқығының аяқ асты болмайтынына және әділ жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалуда», - деп атап өтті Ә.Тілегенов.

Бұдан басқа қызмет алушыларға ақпараттық өнімдерді пайдалануда барынша жеңілдіктер жасалуда. Бұл мақсатта ақпараттық жүйелерді жетілдіру, бизнес үшін  мемлекеттік органдарда құжаттарды рәсімдеу бойынша әкімшілік шығындарды қысқарту жүргізілуде.

Тексерістерді жоспарлау тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделе отырып жасалады. Жалпы тексерістер саны қысқарса, сапа мен нәтижелілік артады.

Өз кезегінде Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымындағы Экономикалық тергеу қызметі құқық бұзушылықты алдын-алу, бюджетке салық  пен төлемдердің төленуін қамтамасыз ететін болады.

Департамент басшысының айтуынша, негізгі міндет - бірыңғай қазыналық жүйені зияткерлік және сарапшылық деңгейге көтеру. Кәсіпкерлік тәукелдер мен оны анықтау бір жолға қойылады.  «Бизнеспен ынтамақта болу - жаңашылдыққа ұмтылу», - деді ол.

Етеріңізге сала кетейік, осы  жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі реформаға ұшырады. Сонымен, Қаржы министрлігінде үш комитетті біріктіру арқылы Мемлекеттік кірістер  комитеті құрылды.




Яндекс.Метрика