Халықаралық интеграция

ҰҚШҰ-ның бірлескен отырысында 20-дан аса құжатқа қол қойылды (Фото)

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс, сыртқы істер министрлері мен қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары халықаралық аренадағы ынтымақтастық, жауынгерлік даярлық және экстремизммен күрес салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуды көздейтін бірқатар құжаттарды бекітті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 23 Желтоксан, 12:34

Келесі жылы Ұжымдық жедел ден қою күштері мен ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қатысуымен бірнеше оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.

Жиырмадан астам құжатқа, соның ішінде Ұжымдық жедел ден қою күштерін дамытуға, ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссия туралы ережеге қатысты құжаттарға қол қойылды.

Ұжымдық авиациялық күштер туралы жоба туралы бастама біздің тарапымыз ҰҚШҰ-ға төрағалық еткен 2012 жылы көтерілгендігін атап өткен жөн.

ҰҚШҰ төрағалығының Ресей Федерациясынан Тәжістан Республикасына көшуіне байланысты бүгінгі таңда Ауғанстан мен Таяу Шығыста қалыптасып отырған күрделі жағдайды ескере отырып ұйымға мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 2002 жылдан бері әрекет етеді. Бүгінгі таңда оның құрамына Қазақстан қосылған алты мемлекет кіреді. Біздің еліміз өңіраралық қауіпсіздік жүйесін әрі қарай нығайтуды, әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды белсенді түрде қолдап келеді. 





Яндекс.Метрика