Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президентінің «Тәуелсіздік туралы» сөздері халқымыздың ұлы істеріне бастау болады – ҚХА

ҚР Президентінің «Тәуелсіздік туралы» сөздері халқымыздың ұлы істеріне бастау болады, деп мәлімдеді «Жалған діни ағымдардан зардап шеккендерге жәрдемдесу орталығы қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Юлия Денисенко Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 16:18

«ҚР Президентінің «Тәуелсіздік туралы» сөздері халқымыздың ұлы істеріне бастау болып, ертеңгі күнге батыл қадам жасауымызда және алға қарай дамуымызда қолбасшылық етеді деген сенімдеміз», - дейді Ю.Денисенко.

«Жалған діни ағымдардан зардап шеккендерге көмектесу жәрдемдесу  қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Юлия Денисенконың айтуынша, біздің тәуелсіздігіміз «Қазақстан-2050» Стратегиясы, жалпыға ортақ еңбек қоғамы мен халықтың өмірлік философиясы «Мәңгілік ел» ұғымына негізделген.

«ҚХА барша Қазақстан халқын Ұлт Көшбасшысы айналасына топтаса отырып, Тәуелсіздігімізді нығайтуға жұмыс істейді. Біз жастарды мемлекеттік құндылықтар мен тәуелсіздік ұғымдарын қастерлеуге баулимыз. Тәуелсіздік ұғымын әрбір қазақстандық жете түсінуі керек», - дейді ол.  

ЗТБ жетекшісінің мәліметінше, Қазақстанның тәуелсіздігі жыл сайын бекіп, қуаттанып келе жатыр. «Біздің тәуелсіздігіміз елдің түкпір-түкпірінде жаңа елді мекендердің пайда болуымен, әр отбасында жаңа ұрпақтың дүние есігін ашуымен нығайып келе жатыр. Сонымен қатар, елде қолға алынып жатқан индустриялды жобалар мен бағдарламалар елді гүлдендіру жолында атқарылып жатқан шаралар болып табылады», - дейді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика