Экономика

Байқоңырда №2 «Ресурс-П» ғарыш аппаратын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр ғарыш айлағында зымыран-ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары №2 «Ресурс-П» атты Жерді қашықтықтан бақылау ресейлік ғарыш аппаратымен «Союз-2.1б» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.
Қызылорда23 Желтоксан , 16:47

«Монтаж-сынақ корпусында «Прогресс» ЗҒО» ААҚ-ның 112 маманы №2«Ресурс-П» ғарыш аппаратын ғарышқа шығаруға дайындауда. №2 «Ресурс-П» монтаж-сына- корпусында «Союз-2.1б» зымыран ғарыштық бағыттағы жалпылай жинау жұмыстары жүргізілген жерде аталмыш бағыттағы шаруалар атқарылуда», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, №2 «Ресурс-П» ғарыш аппаратының ұшырылуы 2014 жылдың 26 желтоқсанында Мәскеу уақытымен 21 сағат 55 минутқа жоспарланған.

Ресей ғарыш ведомствосының хабарлауынша, №2 «Ресурс-П» ғарыш аппаратында орналастырылған құрылғы спектральді және панхроматикалық бес диапазон қабатында жоғары сападағы түсірімдер жасауға мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика