Салық саясаты

Ақмола облысында салық қарызы турасында акция басталды

Ақмола облысында салық қарызын төлеу тұрғысында акция басталды. Шараға қатыса отырып салық төлеушілер планшет ұтып ала алады, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола29 Қыркүйек , 15:30

Айта кетерлігі, шараға қатысушылар Ақмола облыстық  ХҚК орталығына  салық төлегені жайлы бір жапырақ қағазды көрсетуі тиіс.  

Әрі қарай салық төлеушіге ақпарат беріледі, ол шараға қатысуды қамтамасыз етеді.

Жалпы 200 сыйлық қарастырылған. Олар: 16 планшеттік компьютер, 16 сандық фотоаппарат, 16 ұялы телефон және жеке куәлікке тіркелген қызметті тегін пайдалануға арналған 150 карта.

Акция 2 айға созылады. Ұтыс ойыны 2 рет ойнатылады. 




Яндекс.Метрика