Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Ақмола облысының мәдениет қызметкерлері қызметтік көлікке қол жеткізді

Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күні қарсаңында Ақмола облысының мәдениет басқармасы қызметкерлеріне қызметтік көлік берілді, деп хабарлайды облыстың мәдениет басқармасы.
Ақмола29 Қыркүйек , 17:25

Chevrolet Aveo көлігімен бірінші дәрежелі диплом Аршалы мен Атбасар аудандарына жіберілді. Бір жарым миллион теңге тұратын дауыс аппараты мен екінші дәрежелі диплом Зеренді мен Еңбекшілдер аудандарына арналса, дәл осындай сыйлық мен бірінші дәрежелі диплом Степногорскке сыйланды. Оргтехника мен үшінші орын Қорғалжын, Целиноград, Ерейментау мен  Бұланды аудандарының мәдениет басқармаларына бұйырды. Ал Көкшетау қаласы бірінші дәрежелі диплом мен арнайы киім мен сахна жабдықтарын тігу үшін екі млн теңге көлемінде сертификат алды.

Облыстың көзге түскен мәдениет қызметкерлеріне 15 мың теңге көлемінде сыйақылар үйлестірілді.

Хабарламада айтылғандай, аталмыш сыйақыға жұмсалған қаражат облыстық бюджеттен бөлінген.

 

 




Яндекс.Метрика