Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

ШҚО алғашқы фермерлік гастроном ашылды

ШҚО Өскемен қаласында алғаш рет ауылшаруашылық өнімдерін алып сатарларсыз тікелей тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік беретін «Fresh Market» фермерлік гастроном ашылды, деп хабарлайды облыстың ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан29 Қыркүйек , 17:10

«Өскеменде алғаш «FreshMarket» ауылшаруашылығы гастрономы ашылды. Салтанатты ашылуға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ресейдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Ғалым Оразымбетов пен ҚР Парламент Сенатының өкілдері қатысты», делінген хабарламада.

Тұтынушылар таза ауылшаруашылық өнімін арзан бағаға алуға мүмкіндік алатын сауда орнын ашу жобасы «Азық-түлік қауіпсіздігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асып,облыс әкімдігінен қолдау тапты.

Аталмыш сауда орнының жалпы аумағы 3,5 мың шаршы метр.

«Өскеменде алғаш «Fresh Market» ауылшаруашылығы гастрономы ашылды. Адамдарға деген қайырлы істердің бірі – сапалы тағам тұтынуына мүмкіндік беру. Тұрғындар арзан бағаға сапалы тағам алуы үшін осы сауда орнын арнайы ашып отырмыз», - деді әкім Бердібек Сапарбаев.

Әкімнің айтуынша,«Fresh Market» дүкенінің айналасына аялдамалар мен өткел салынбақ.

 

 




Яндекс.Метрика