Инновациялар

2016 жылы «ИТП» ЕЭА аумағында инфрақұрылымның кезекті екінші құрылысы аяқталады – ҚР ИДМ

2016 жылы «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА аумағында инфрақұрылымның екінші кезегінің құрылысы аяқталады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стартегиясында атап көрсеткен міндеттердің орындалу барысы туралы мәлімдемесінде.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 19:18

«Отандық және шет елдік компаниялардың «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА аумағындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуымен 2016 жылы аяқталатын инфрақұрылымның екінші кезегінің  құрылысы жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, жалпы қосымша мүмкіндіктерді қарқынды дамыту мен оны ұсынуды қолдау үшін Назарбаев Университетінің баламасымен оның мәртебесін айқындайтын жекелеген «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Сонымен қатар, «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында инновациялық кластерді басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық формасы енгізіледі.

«ҚР Президенті төрағалығымен инновациялық кластердің алқа кеңесі құрылды. Ол инновациялық кластердің даму стратегиясын белгілейді. Сондай-ақ қолданыстағы «ИТП» ЕЭА басқарушы компаниясы базасында ерекше формадағы «ИТП» автономды кластер қоры құрылады. Аталмыш қор «ИТП» ЕЭА атқарушы органы және «ИТП» инновациялық кластерді құрушы орган болады», - деп хабарлайды министрлік.

Өз кезегінде Қор жоғары атқарушы органға ие болады. Ол Қазақстан Республикасы Үкімет басшысы басқаратын Басқарушы комитет болмақ.

«Заңмен бірқатар жаңа ұғымдар енгізілді: «ИТП» инновациялық кластері – қолда бар мүмкіндіктерді бірлесе қолдану мен әрекет ету, білім және тәжірибемен алмасу, зерттеу жүргізу, технологияны тиімді түрде табыс ету, тұрақты әріптестік байланыс құру мен ақпаратты тарату арқылы индустриялды-инновациялық қызметтерді ынталандыруға шақыратын инновациялық кластер қатыушыларының басын біріктіру», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, АКҚ қаржыландыру тетігі ұлттық компанияларды қолдау мен жер қойнауын пайдаланушылардың бүтіндей жылдық табысының 1 пайызын аудару есебінен жүзеге асырылады. Осы орайда бұл шара барынша ашық болады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика