Адами капитал

ҚР Әскери-теңіз күштерінде командалық буын старшиналарының оқу-әдістемелік жиыны өтті (Фото)

Ақтаудағы 29011 әскери бөлімінің кіші мамандарды даярлау орталығында әскери-теңіз базасының старшинасы 2-сыныпты старшина Таңатқан Амановтың жетекшілік етуімен ҚР Әскери-теңіз күштері командалық буын старшиналары мен су үсті кемелері боцмандарының оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Маңғыстау 22 Желтоксан, 19:34

«Бөлімше командирінен дивизион старшинасына дейінгі буындардағы барлық старшиналар қатысқан іс-шара бес күнге созылып, жағалаулық және теңіз кезеңдерінен тұрды», - делінген хабарламада.

Жиыннның басты мақсаттары – команда старшиналарының, боцмандардың жеке құрамды кемеде орналастыру, рейдік қызмет және кеме өміршеңдігі үшін күрес кезінде техникалық құралдарды қолдану ережелерін сақтау, сондай-ақ кеменің зәкірлік, сүйрету және тиеу жабдықтарын ақаусыз және әзірлікте ұстау мәселелеріндегі білім-біліктілігі мен дағдысын жетілдіру.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ордабаевтың айтуынша жиын соңына қарай старшиналар құрамының күнделікті қызметті ұйымдастыру және кеме қондырғыларын пайдалану мәселелеріндегі білімі мен дағдысы айтарлықтай артады. Жиынға қатысушылармен су үсті кемесінің жауынгерлік қызметін қамтамасыз етудің негізгі түрлері – кемені жорыққа және ұрысқа дайындау, зәкірге қою және алу, катерлер мен қайықтарды дауыл кезіндегідей бекіту, кеме рейдте тұрған кезде кеменің сыртқы бортын, зәкір шынжырларын тексеру және басқа мәселелер бойынша әдістемелік және көрсетілім сабақтары өткізілді.

Оқу-әдістемелік жиынды негізгі оқу пәндері бойынша бақылау сабақтары қорытындылады. Тікелей кеменің өзінде старшиналар мен боцмандар кемедегі өз міндеттері бойынша сынақтар мен нормативтер тапсырды. 





Яндекс.Метрика