Ауыл әкімдерін сайлау

Қостанай облысында 245 ауыл әкімі қайта сайланды

Қостанай облысында ағымдағы жылы ауыл, елді-мекеннің 245 әкімі қайта сайланды, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай29 Қыркүйек , 16:37

«Қостанай облысының 19 әкімшілік-аумақтық бірліктерінде селолық округтар, кенттер, ауылдардың әкімдерін сайлауы өтті. Барлығы  245 әкім, нақтырақ айтқанда: 1 – аудандық маңызы бар қаланың,  161 – селолық округтің, 8 - кенттің,  75 – ауылдың әкімдерін сайлау керек болды» - деп хабарламада жазылған.

Барлық сайлауды дайындау және өткізудің сайлау рәсімдері «Селолық округтың құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қаласының, селолық округтарының, кенттерінің және ауылдарының әкімдерін лауазымына тағайындау, өкілеттіктерінің тоқталу және лауазымынан босату  қағидаларына» және аудандық пен қалалық сайлау комиссияларымен бекітілген күнтізбелік жоспарларына сәйкес жүргізілді.

Әр аудан мен қалада әкімдердің жергілікті қоғамдастықпен кеңес беру кестелері құрастырылды. Осы кездесулерге толығымен әкімдікке үміткерлер, мәслихат депутаттары қатысты, тұрғындарға аудан, қала әкімін тыңдауға, және селолық округ, кент, ауыл әкімінің орнына үміткермен жақын танысуға мүмкіндік берілді, ал мәслихат депутаттары өз таңдауын жасай алды.

Бұған, үгіт кезеңіндегі әр кандидаттың өз іс-әрекет бағдарламасымен мәслихат депутаттарын таныстырған кездесулер ықпал етті. 

Барлығы әкімдікке 492 кандидат ұсынылды, 1үміткер – өз кандидатурасын алып тастады.

Біздің облыста әкімдерді 16 аудандық және 3 қалалық мәслихаттар депутаттары 243 сайлаушы сайлау керек еді.

Сайлауға 240 сайлаушы қатысты, яғни қатысу 98,8% құрады.

19  әкім -100% дауыс алды, бұл 7,7 %,  4 кандидат 1 дауыс басымдығымен жеңді, 98 кандидат сайлаушылардың 80% дауысын алды.

Барлық сайланған әкімдердің жоғары білімі бар.

 Әкімдікке кандидатураларын 166 жұмыс жасап жатқан әкімдер ұсынды, 159 сайланды, бұл  сайланған әкімдердің 64,9% құрайды, 7 өтпей қалды.  39,1%-  әкімдікке жаңа адамдар сайланды.

Дауыс беру рәсімін 41 бақылаушы (5) және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (36) бақылады.

 




Яндекс.Метрика