Парламент

Қазақстанда бес жылда берілген патенттер саны 61%-ға артты - Әділет министрлігі

Қазақстанда бес жылда берілген патенттер саны 61%-ға артты, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Әділет министрі Берік Имашев.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 11:56

«Соңғы бес жылда (2009 жыл мен  2014 жылдар аралығында) зияткерлік меншік нысандарына берілген қорғалатын құжаттар санының өсімі 61% құрады. Осы ретте тіркелген нысандардың басым бөлігі тауарлық белгілер (71%). Олардың ішінде ұлттық өтініш берушілердің тіркелген тауарлық белгілері 48% көрсетті», - деп хабарлады Б.Имашев.

Сонымен қатар министр атап өткендей, шетелдік өтініш берушілердің жоғары белсендігі соңғы бес жылда сақалып келеді. «Шетелдік өтініш берушілермен тіркелген тауарлық белгілер саны жалпы берілген қорғалатын құжаттардың 52% құрады», - деп толықтырды ол.

Ведомство басшысы еске сала кеткендей, жақында ғана ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші оқылымында «Зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика