Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Алматыда Қазақстан мен Германия футбол ардагерлері жолдастық кездесу өткізеді

5 қазан күні сағат 17:00-де Алматының Орталық стадионында Қазақстан мен Германия футболының ардагерлері матч өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Алматы қаласы29 Қыркүйек , 15:26

Қонақтардың  құрамында 70-ші, 80-ші және 90-шы жылдары Германия Ұлттық құрамасында өнер көрсеткен жұлдыздар ойнайды.Олардың арасында - Оливер Нойвилль («Байер»Леверкузен), Томас Долль («Лацио» Рим, Италия), Франк Нойбарт («Вердер»Бремен), Йенс Новотны («Байер» Леверкузен), Марти Макс («Мюнхен – 1860»), ЙоргАльберц («Глазго Рейнджерс» Шотландия), Штефан Байнлих («Ганза» Росток),Михаэль Шульц («Боруссия» Дортмунд) және тағы басқалар бар.

Қазақстанның ардагерлер құрамасы Сейілда Байшақов, Михаил Гурман, Виктор Катков, Александр Мазманьян,Құралбек Ордабаев, Қанат Мұсатаев, Владимир Нидергаус, Вахит Масудов сияқты атыаңызға айналған ойыншыларды алаңға шығарады.

«Ардагерлердің матчы қазақ футболының 100 жылдығына орайластырып отыр. Бұл ойын –Қазақстан Футбол федерациясы мен Неміс футбол одағының арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік символы. Екі келдің ұлттық  қауымдастығының  ресми қарым-қатынастары «2012-2020 жылдарға арналған жасөспірімдер мен балалар футболын дамыту» бағдарламасы аясында орындалып жатқан әріптестік жайлы Меморандумды бекіте түседі. Алматылық жанкүйерлер футбол тарихының нағыз жұлдыздарын көре алады. Бұл қазақ футболына жаңа леп әкеледі деген үміттеміз», - деді Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов.  

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика